Қоғам

Атырау зауытында өндірілетін жанармай сапасы жақсарады

Атырау зауытында өндірілетін жанармай сапасы жақсарады

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілетін жанармай көлемі жаңа жылдан бастап бірнеше есеге артады.

Үшінші жаңғыру жобаларын аяқтап жатқан зауытта мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінен кіретін алғашқы қондырғы іске қосылды. Өнім сапасы мен көлемін арттыруға бағытталған жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары да ашылды. Зауыт өкілдерінің айтуынша, биыл 500 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал мұнайды тереңдетіп өңдеу кешеніндегі іске қосылған қондырғы төрт айдан кейін толық өндірістік қуатына көшетін болады.

Ғалымжан Амантурлин, мұнай өңдеу зауытының бас директоры:

- Жаңа кешендік қондырғы арқылы біз автомобиль бензинінің сапасын К-4, К-5 сапасына жеткіземіз. Бұл – нарықтағы Евро-4-5 бензиндерінің баламасы. Сонда зауытта шығарылатын бензин көлемі бірден үш есеге артады. Яғни қазіргі 650 мың тоннадан 1,7 млн тоннаға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар реактивті жанармай 8 есеге, дизельді жанармай 23%-ға дейін өсетін болады.

Last modified on