+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Макпал Мадиярова

Макпал Мадиярова

Сценарист

Нұрлан ағай математикадан «5» қойып бере салып, 68 оқушының  ішінде жалғыз өзім қызыл аттестат алдым. Қоңыр күзде дүниеге келгем... Жамбыл облысының Қордай деген жерінде... Ата-ана, бауырларым түгел,  толық отбасында тәрбиелендім. Шүкір!  2002 жылы ауылда Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектепті 68 оқушы бітірдік. Қызыл сөзге жақын болғаныммен, есеп-қисапқа мүлде жоқ едім. Марқұм ұстазым Нұрлан ағай математикадан «5» қойып бере салып, 68-дің ішінде жалғыз өзім қызыл аттестат алдым.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін де қызыл дипломмен тәмамдадық. Еңбек жолым да сол ҚазҰУ-де басталды.  22,5 жасқа  келгенде Мұрат Есжан есімді белгілі журналист «Хабар» арнасына ертіп барды.  Аты-жөнін күллі халық білетін Серік Абас-шах мырза стажировкадан өтуге рұқсат бергенде,  Ринат Кертаев «Төртеу түгел болса...»  бағдарламасына өз қарамағына алғанда - ол қуанышты айтып жеткізу мүмкін емес! Бұл 2009 жылдың мамыры болатын. Содан бері «Хабардамын». «Таразыға»,  «Арнайы хабарға» түрлі деректі фильмдер жасадық.

P.S. Мен өз жұмысыма ғашықпын!!!