Су тасқынына қарсы күреске бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған
Елімізде лауазымды тұлғалар су тасқынымен күреске бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы хабарлады.
Дмитрий Малаховтың айтуынша, құзырлы орган Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында ақша жымқыру белгілері бойынша төрт қылмыстық іс қозғаған. 5 адам күдікті деп танылып отыр.
Алдын ала есеп бойынша залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Аталған қаражат бұдан бұрын гидроқұрылыс нысандарын жөндеуге бөлінген екен. Агенттік енді су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аударылған ақшаның да жұмсалуын да қатаң тексереді.
Дмитрий Малахов, ҚР ҚМА төрағасы:
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет квазимемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер мен қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Су тасқынының салдарын жою үшін бөлінген ақшаның мақсатты пайдаланылуы мен көмектің зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуі қамтамасыз етілсін. Одан бөлек азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек пен құрылыс заттары бағасының өсуіне де жол бермеу қажет. Әкімдіктермен жұмыс істеңіздер!