Білім мыңды жығады. «Бүгін»
Халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз болған оқушыларға лайықты қолдау көрсетіле ме? Білім бәйгесінде оза шауып, жүлде алып жүрген балалар кімдер? Халықаралық олимпиадаға қалай қатысады? Оның қандай талаптары бар?
Ал Олимпиада жеңімпаздары мектептен кейін өз білімдерін пайдаға асыра ала ма? Олар өз болашақтарын қайда және қалай көреді?
Осы және өзге де сұрақтарға «Бүгін» бағдарламасында жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Тимур Нұрекешов, ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры
2. Ерболат Әблеметов, ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім жетекшісі
3. Әзім Аманжолов, химия пәнінен халықаралық олимпиададағы Қазақстан Ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы
4. Санжар Бисенәлі, 2021 жылғы химиядан халықаралық олимпиаданың күміс медаль иегері
5. Аятжан Ахметжан, Нұр-Сұлтан қ. № мектебінің директоры
6. Ілияс Сакимов, «Білім иновация қорының» бас сарапшысы