Хабар телеарнасы

"Білім және Мәдениет"

«Білім және Мәдениет»

«Білім және Мәдениет»

2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Білім және Мәдениет» арнасы телекеңістікке жол тартты. Бұл мерзімге дейін «Білім» де, «Мәдениет» те республикалық деңгейдегі әртүрлі бағытта жарыққа шығатын арналар болатын. 

Бүгінде жаңа арнаның бағыт-бағдары бірегей мәдени-ақпараттық кеңістік құру, қоғамдағы адам құндылықтарын насихаттау, эстетикалық талғам мен зияткерлік қабілеттері арқылы адамдардың жалпы мәдени деңгейін көтеру, отандық мәдениеттің рухани-адамгершілік дәстүрлерін дамыту арқылы жаһандану үрдісінде халықтың өзіндік бет-бейнесін сақтау; ғылыми-танымдық ақпаратты ұсыну арқылы білімді игерудің жаңа формаларын ұсыну, еліміздегі ғылым мен білімде төңкеріс жасаған тұлғаларды көпшілікке таныту. Әсіресе «Алтын қорда» сақталып жатқан інжу-жауһарларға айналған қазақ және шетелдік фильмдерді көрсету де арнаның негізгі бағыттарының бірі. 

Арнаның алға қойған мақсаты - күрделі дүниелерді көпшілікке нақты әрі түсінікті жеткізе білу. Көпшіліктің қызығушылығын арттырар ой–идея тастау. Жас буынды алға жетелеу. Жол көрсету. 

Бүгінде «Білім және Мәдениет» арнасынан 30-дан астам әртүрлі жанрда жобалар жарыққа шығуда. Солардың ішінде «Астана онлайн», «Кітапхана», «Әңгіменің ашығы», «Ұлы дала мәдениеті», «Атакәсіп», «Өмір. Театр. Кино» , «Ғылыми кеңес», «Тағдырластар», «Астанаға саяхат», «Ғажайып туынды», «Жасампаз ғылым», «Эксклюзив» бағдарламаларын айтуға болады.